Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада 1823 кәсіпкерге жеңілдік жасалды

Қызылордада 1823 кәсіпкерге жеңілдік жасалды

Kyzylorda-news.kz. Төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлер үшін аса үлкен мәселелердің бірі ғимаратты жалға алу ақысы болды. Карантин жағдайында жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған кәсіпкерлердің басым бөлігі жалдау ақысын төлеуге келгенде қауқарсыз болды. Кәсіпті дамыту үшін деп алған несиелері, 2 айға жуық уақыт жұмыссыз отыру айтарлықтай қаржылық қиындықтарға алып келді.
«Жергілікті атқарушы органмен бірге ғимараттарын жалға беріп отырған кәсіпкерлермен келіссөздер жүргіздік. Бұл азаматтарды да түсінуге болады. Ғимаратты ұстап тұру, қызметкерлердің жалақысы, коммуналдық төлем сынды шығындары бар. Дегенмен, жағдайды әріптестеріміз де жақсы түсініп отыр. Кәсіпкерлер палатасына төтенше жағдай кезінде 85 кәсіпкерден жалға алу құнына қатысты көмек көрсетуді сұраған өтініштер түсті. Келіссөздер барысында облыс бойынша көлемі 2000 шаршы метрден асатын ғимаратыбар отыздан астам кәсіпкер жалға алушы 1823 бизнес өкіліне жеңілдік жасайтынын жеткізді. Келіссөздердің басы-қасында болған жергілікті атқарушы органдарға да, ғимарат иелеріне де айтар алғысымыз шексіз», - дейді Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов айтты.
Атап айтқанда, 9 сауда нысаны 267 жалға алушыға 100 пайыз, 2 сауда үйі 127 кәсіпкерге 50 пайыз, 1 сауда үйі 57 кәсіп иесіне 30 пайыз, 12 сауда нысаны 1372 бизнес өкіліне 20 пайыз жалдау ақысынан жеңілдік жасаған.
«Кәсіпкерлерді төтенше жағдай кезінде 100 пайыз жалдау ақысынан босатқан әріптестерімді атап айтқым келеді. Олар: Жаңақорған ауданында «Нұр» базары, «Нұр-Асыл», «Аркен» сауда үйлері, Қазалы ауданында «Мусаев», «Орын-Ай», «Ару-Илия» базарлары мен «Береке», «Бәйтерек» сауда үйлері, Қызылорда қаласында «Сәулет» базары иелері. Бұл да бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін көрсетеді», - дейді Палата директоры.
Кәсіпкерлер палатасының мамандары өз кезегінде кәсіпкерлерге салықтық жеңілдіктер, несиені төлеу мерзімін шегерту, уақытша жалақысы сақталмайтын еңбек демалысына жіберілген кәсіпкерлердің жұмысшыларына әлеуметтік төлем алу мәселелерінде кеңестер беріп, сүйемелдеу жұмыстарын жүргізді.
13 мамыр 2020 ж. 24 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области