Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық зияткерлер #JUMEKEN85 жыр эстафетасын жалғастырады

Қызылордалық зияткерлер #JUMEKEN85 жыр эстафетасын жалғастырады

Kyzylorda-news.kz. «ATYRAÝ» телеарнасы жариялаған Жұмекен Нәжімеденовтың 85 жылдығына арналған #JUMEKEN85 өлең оқу эстафетасына Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушылары қолдау көрсетті.
Әдеби челлендж аясында жас зияткерлер ақынның «Өмір» атты туындысын оқып, шығармашылығын көпшілікке таныстырды. Сондай-ақ, бұл жыр эстафетасын Алматыдағы физика-математика бағытындағы НЗМ оқушыларына жолдайды.
«Жұмекен Нәжімеденов – қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы. Ақын өлеңдері әлі күнге дейін маңыздылығын жойған жоқ, керісінше әдебиет әлеміндегі, қазіргі қоғамдағы өзектілігі арта түсуде. Ақынның әнұранымыздан бастап, қазақ балладасының қалыптасуына негіз болған «Табиғат-Өмір» секілді философиялық ұғымдары қазақ поэзияның дамуына өзіндік үлесін қосуда», – дейді 12-сынып оқушысы Дильназ Жақсылық.


13 мамыр 2020 ж. 153 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области