Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Вице министр: Төтенше жағдай кезінде салықтық тексерулер болмады

Вице министр: Төтенше жағдай кезінде салықтық тексерулер болмады

Kyzylorda-news.kz. Індетке қарсы шараларға қатысқан қызметкерлер барлық салық түрінен босатылғаны жайында ҚР ұлттық экономика вице-министрі Мәди Тақиев ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлай баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды Baq.kz.
«Эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқан қызметкерлер әлеуметтік төлемдердің барлық салықтарынан босатылды. Шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтық әкімшілік бөлігінде барлық салықты және әлеуметтік жарналарды бюджетке міндетті төлемдерді төлеу мерзімі ұзартылды, сондай-ақ, салықтық және кедендік әлеуметтік төлемдерді мәжбүрлі түрде өндіріп алу жұмыстары 2020 жылдың 1 маусымына қалдырылды», - деді спикер.
Сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде барлық салықтық тексерулер тоқтаған. Брифинг барысында вице-министр былтырғы жылдың міндеттемелері бойынша барлық салық төлеушілерге салық есептілігі қаулысының мерзімі осы жылдың 31 наурызынан 31 мамырға ауыстырылғанын айтты. Жоғарыда көрсетілген шаралардың барлығы жеті жүз мың салық төлеушіні қамтыған.
12 мамыр 2020 ж. 19 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области