Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Президент банкте проблемалық қарызы бар азаматтардың мәселесін шешуді тапсырды

Президент банкте проблемалық қарызы бар азаматтардың мәселесін шешуді тапсырды

Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда келесі жылдан бастап микроқаржылық ұйымдарды лицензиялау жүйесі енгізілетінін мәлім етті.
«Халықтың табысы азайып бара жатқан уақытта тұтынушылық несие нарығының жағдайына мониторинг жүргізудің маңызы зор. Азаматтардың қарыз бойынша жүктемесінің көбейіп кетуіне жол бермеу керек. Қаржы нарығын реттеу бойынша агенттік проблемалық қарызы бар қарыз алушылардың оңалту мүмкіндіктерін қарастыруы керек. Сонымен қатар қарыз алушы мен өнімнің типіне қарай сыйақы ставкасын есептеу амалдарын қайта қарастырған абзал», - деді Президент төтенше жағдайды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік комиссия отырысында.
Мемлекет басшысы, сонымен қатар, азаматтардың мүддесін қорғау үшін банктік емес, несиелік ұйымдарды бақылау жұмысы күшейетінін мәлім етті. Ал келесі жылдан бастап микроқаржылық ұйымдарды лицензиялау жүйесі енгізілмек.
12 мамыр 2020 ж. 30 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области