Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстандық 6 спортшы спорттан шеттетілді

Қазақстандық 6 спортшы спорттан шеттетілді

Kyzylorda-news.kz. Қазақстандағы допингке қарсы ұлттық орталықтың ресми сайты тыйым салынған дәрі-дәрмектерді қолданған және жарыстан шеттетілген спортшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Olympic.kz.
2020 жылдың басынан бері тыйым салынған дәрі-дәрмектер пайдаланған 11 атлет ұсталды. Оның ішінде 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, ауыр атлет Анна Нұрмұхамбетова да бар. Оның сынамасынан тыйым салынған анаболикалық стериод Туринабол (Орал) табылып, спортшы төрт жылға жарыстан шеттетілді.
Сондай-ақ, шаңғышы Алексей Полтаранинге қатысты шешім қабылданды. Ол 01.03.2019 жылдан 01.03.2023 жылға дейін үлкен спорттан сырт қалады.
Допингке қарсы ережелерді бұзған спортшылар қатарында Азия ойындарының қатысушысы Любовь Ушакова, 2019 жылғы Азия чемпионатының екі мәрте жүлдегері, тректегі велоспорттан Гран-при турнирінің жүлдегері Роман Василенков, волейболдан Қазақстан командасының мүшесі Антон Кузнецов және хоккейші Владислав Никифиров бар.
Олардың барлығы екі жылдан төрт жылға дейін спорттан шеттетілді.
11 мамыр 2020 ж. 27 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области