Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «20 мың салсаң, 80 мың теңге аласың»: Елімізде WhatsApp алаяқтарының құрбандары көбеюде

«20 мың салсаң, 80 мың теңге аласың»: Елімізде WhatsApp алаяқтарының құрбандары көбеюде

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда алаяқтар халықты алдаудың тағы бір тәсілін тапқан. Бұл жолы олар мессенджерлер арқылы «Ақшаңды төрт еселеу», «Тез табысқа жету» сынды чаттар ашып аңқау адамдарды өз қармақтарына түсіруде, деп хабарлайды.
«Түк жоқ. Жиырма төртінші желтоқсанда 20 мың салғанмын. Түбіртегі қолымда. Сендім де, салып жібердім. Чатқа жаздым да, талай жеріне, қарағым ау, сонда мына халықты, қарт адамдарды алдай беруге рұқсат па? Бұл қалай?!», – дейді жапа шеккен зейнеткер.
Ол секілді алданғандар саны көп. Ең сорақысы, олар өздері алданғанымен қоймай, ақшаларын кері қайтару үшін өздерінің жақындарын да өздерімен бірге тартуға тырысыды.
Заңды рұқсаттары жоқ мұндай желідегі топ басшыларының әрекеттері қаржы пирамидалардың жұмысына ұқсайды. Әрбір жаңадан қосылған адам өзімен бірге төрт адам алып келуі тиіс. Алайда олардың тек алдыңғылары ғана ақшаға кенеліп, қалғандары бармақ шайнап қалады.
«Қаржы дағдарысы басталған кезде елдің, халықтың жағдайы нашарлай бастаған кезде, бұндай алаяқтық жолмен ақша табатын азаматтардың қатары артады. Сондықтан да енді бірден айту керек, бұл жерде түсінікті жағдай, ақшаны беріп жатқан кезде, ол «екі есе, үш есе қайтарып береміз» деген сөз болса, демек, одан міндетті түрде сақтанған дұрыс», – дейді экономист Мақсат Халық.
Құқық қорғаушы органдары осындай чаттарды қадағалауға кіріскеніндерін айтады. Кінәлі деп табылғандар міндетті түрде жазаланады деп сендірді олар.

11 мамыр 2020 ж. 28 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области