Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Көлік салығын «ескі» АЕК-пен төлеуге болады

Көлік салығын «ескі» АЕК-пен төлеуге болады

Kyzylorda-news.kz. 2020 жылы көлік құралына салынатын салықты есептеуге 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелген АЕК, яғни 2 651 теңге қолданылады, деп хабарлады мемлекеттік кірістер комитеті.
Сәуір айында айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) мөлшері 2778 теңгеге көбейгеннен кейін көлік жүргізушілері арасында салық мөлшері туралы сұрақтар туындады.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 492-бабы 3-тармағына сәйкес, көлік құралының салығын есептеуге республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданысқа енгізілген АЕК қолданылады», - деп түсіндірді мемлекеттік кірістер комитеті.
Салық көлемі айлық есептік көрсеткіштерде (АЕК) белгіленген мөлшерде әр көлік құралы үшін дербес есептеледі.
Жеңіл көліктер үшін 1-ден 117 АЕК-ке дейін – 2 651-ден 310 167 теңгеге дейін, ал жүк көліктері үшін 3-тен 9 АЕК-ке дейін немесе 7 953-тен 23 859 теңгеге дейін салық салынады.
06 мамыр 2020 ж. 27 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области