Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Kyzylorda-news.kz ақпарат агенттігінің 8 мамырға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Бүгін сезімдеріңізді бақылауда ұстайсыз. Тіпті айналаңыздағы адамдар сабырлығыңызға тамсана қарайтын болады. Ал сіз өміріңізге өзгерістер енгізуге кірісесіз. Алған бағытыңыз дұрыс екеніне сеніңіз.

Торпақ
Сіз әрдайым адамдарға жақсылық тілейсіз. Бүгін бұл қасиетіңіз еселене түседі. Айналаңыздағы адамдарға көмектесіп, кеңестер бересіз. Өзіңізді еркелетіп, кішігірім сыйлық алуға болады.

Егіздер
Өзіңізді танып білу үшін өміріңізге талдау жасайсыз. Қоғамдық шараға қатыссаңыз, сергіп қаласыз. Адамдармен араласып, энергия алмасып, жаңа бастамаларға шабыт жинайсыз.

Шаян
Бүгін сезімдеріңізге ерік бересіз. Қиын жұмыстан ешқашан бас тартқан емессіз, дегенмен бүгін жарты ауыртпалықты досыңыздың мойнына жүктеген абзал. Алғашында бұл сізге ұнамауы мүмкін, бірақ уақыт өте мұның артықшылығын түсінетін боласыз.

Арыстан
Бүгін оқшауланып, өзіңізбен өзіңіз болғыңыз келеді. Бұл күнді тиімді өткізуге болады. Өміріңізге талдау жасап, болашаққа жоспарлар құрыңыз. Нақты жоспармен жүру міндетті емес, дегенмен бұл мақсатыңызды айқындайды.

Бикеш
Бүгін өзіңіз құрметтеп, пікірімен санасатын адамдардың ықыласына бөленесіз. Олар сізді мақтап, өзіңізге деген сеніміңізді жандандырады. Көңіл-күйіңіз тұрақты болады, сондықтан көп істі аяғына дейін жеткізесіз.

Таразы
Бүгін демалып, саяхаттау үшін өте қолайлы күн. Бұл күнді сүйіктіңізге арнап, оған тосын сый жасаңыз. Таза ауада серуендесеңіз немесе әдемі жерге саяхаттап қайтасаңыздар, қарым-қатынастарыңыз бұрынғыдан да нығая түседі.

Сарышаян
Тынығып, өзіңізді тану үшін таптырмайтын күн. Соңғы кездері тым көп жұмыс жасадыңыз. Енді жайбарақат демалуға болады. Бүгін кез келген ісіңіз оң нәтижемен аяқталады.

Мерген
Бүгін жан дүниеңізбен үйлесімділікке қол жеткізесіз. Күні бойы көп ойланып, басқа адамдардың әрекеттерінен шабыт аласыз. Мақсаттарыңызға жетудің жаңа жолдарын қарастырасыз.

Тауешкі
Романтикалық көзқарасыңыз өзгеруі мүмкін. Бойыңызды шығармашылық қуат билеп, қарым-қатынастың келесі деңгейіне өтуге дайынсыз. Асығыс шешім қабылдамаңыз.

Суқұйғыш
Тынығып, өміріңізге баға беретін күн. Бұрын жіберген қателерге талдау жасап, оларды қайталамауға тырысыңыз. Өзіңізді танып, рухани жағынан даму жолдарын қарастырыңыз.

Балықтар
Бүгін адамдармен жақсы тіл табысатын боласыз. Бейтаныс адамдардың алдында ашылып, өзіңізді жақсы жағынан көрсетесіз. Көптен бері айта алмай жүрген сырыңызбен бөлісу үшін өте қолайлы күн.
08 мамыр 2020 ж. 23 0

Ұқсас жаңалықтар:

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области