Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жаңақорған ауданында тағы да жоғалған бала табылды

Жаңақорған ауданында тағы да жоғалған бала табылды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында полиция қызметкерлері жоғалған бес жасар баланы әжесімен табыстырды.
4 мамыр сағат 13:00 шамасында Қызылорда облысы Жаңақорған кентінің тұрғыны аудан полиция бөлімінің «102» арнасына қоңырау шалып, бес жастағы немересі үйінің есік алдында ойнап жүріп, белгісіз бағытқа шығып кеткені туралы хабарлаған.
Аталған хабарлама бойынша Жаңақорған ауданының полиция бөлімінің жеке құрамы дереу құлақтандырылып, іздестіру жұмыстары жүргізілді.
Барлық туыстарының және таныстарының үйлеріне барып, көшелерді, көп қабатты үйлердің жер төлелерін, қараусыз қалған үй-жайларды аралап іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жеті сағаттан кейін кент орталығының көшелерінің бірінде адасып жүрген бала табылды.
Полиция қызметкерлері баланы әжесінің қолына аман-есен тапсырды. Қызметкерлерге алғысын білдірген тұрғын жұмыстарына сәттілік тіледі.
Айта кетейік, бұған дейін де Жаңақорған ауданында 4 жасар баланың жоғалып, табылғанын хабарлаған болатынбыз.
05 мамыр 2020 ж. 41 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области