Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалыда алғашқы дән себілді (ФОТО)

Қазалыда алғашқы дән себілді (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. «Көктемнің бір күні жылға азық». Қазалылық дихандар күн жылынғаннан жер тырмалап, егін егуге дайындықты бастап кетті. Қазір шаруалар егістік жерді тазалау мен жер жыртуды аяқтап, тұқым себу жұмыстарын қолға алуда.
Сенбі күні аудан әкімі Мұрат Ергешбаев «Сыр маржаны» ЖШС-ның егістік алқабында алғашқы дән себу рәсіміне қатысып, дихандарға сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, егіс алқабында салалық мекемелер және шаруашылық басшыларымен кездесіп, күріш егу жұмыстарының барысымен танысты.
Аудан басшысы дихандарға күріш егу науқанын оңтайлы мерзім ішінде аяқтау үшін ұйымдастыру шараларына аса мән беріп, барлық агротехникалық талаптарды қатаң сақтау қажеттігін тапсырды.
Айта кетейік, Қазалы ауданы бойынша биыл 6341 гектар жерге күріш дақылын орналастыру межеленген. Бүгінгі күні оның 350 гектарына тұқым себіліп, 200 гектары суға бастырылған.

04 мамыр 2020 ж. 28 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области