Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Есмағамбетова еліміздегі коронавирусқа байланысты жағдайдың тұрақталғанын мәлімдеді

Есмағамбетова еліміздегі коронавирусқа байланысты жағдайдың тұрақталғанын мәлімдеді

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова еліміздегі эпидемиологиялық жағдай тұрақталды деп мәлімдеді.
«Соңғы екі апта ішінде еліміздегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтанғаны байқалады. Аурудың өсімі 7%-дан аспайды. Егер наурыз айында дертті сырттан әкелгендер мен олармен байланысқа түскендерді тіркеумен болсақ, сәуір айында біз профилактикалық тексеруге – тесттілеуге көштік. Сәуір айында анықталған науқастардың жалпы санының 52% немесе 1862 жағдай профилактикалық тексеру-тестілеумен байланысты. Профилактикалық тестілеудің мақсаты – жасырын індет ошақтарын анықтау. Егер профилактикалық тестілеу жүргізілмегенде, онда байланысқа түсушілер мен жұқтырушылардың саны әлдеқайда көбірек болар еді», – деді Есмағамбетова Facebook-тегі онлайн-брифингте.
Ол карантиндік шаралар, ең алдымен, еліміздегі коронавирус жағдайын тұрақтандыруға әсер еткенін атап өтті.
«Карантиндік шаралар өз нәтижесін бергенін атап өткім келеді. Екі апта ішінде біз тұрақты эпидемиологиялық жағдайды байқап отырмыз. Мен әрбір қазақстандыққа Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған шараларды орындағаны үшін алғыс айтқым келеді», – деп толықтырды сөзін ол.
04 мамыр 2020 ж. 28 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области