Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордадағы мектептерде бірінші жартыжылдықта 75 заң бұзушылық анықталған

Қызылордадағы мектептерде бірінші жартыжылдықта 75 заң бұзушылық анықталған

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында жүргізілген бақылаудың қорытындысын жариялады.
«2020 жылғы бірінші жартыжылдығына арналған білім беру жүйесіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің тізімдері» туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 09 желтоқсандағы №528 бұйрығымен Қызылорда облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен 2020 жылғы бірінші жартыжылдығында 11 білім беру ұйымдарына бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізді», – деп хабарлады біздің ақпарат агенттігіне аталған департаменттен.
Атап айтқанда, департамент Қызылорда қаласында 4, Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарында 6 орта және негізгі білім беру мекемелері мен 1 мектепке дейінгі білім беру ұйымына бару арқылы профилактикалық бақылау жасаған.
«Профилактикалық бақылау нәтижелерімен тізімдегі білім беру ұйымдарында білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілері талаптарының 75 бұзушылық анықталды. Атап айтқанда, білім беру процесі сапасына әсер ететін біліктілік талаптарының сақталмауы бойынша – 16, білім беру процестерін жүргізу үшін жағдайлардың жасалмауы бойынша – 30, оқу-тәрбие процестерін ұйымдастыруының өз деңгейінде жүргізілмеуі бойынша – 29. Білім беру ұйымына бару арқылы профилактикалық бақылау қорытындысымен тиісті білім беру мекемелеріне бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама берілді», – деп мәлімдеді департаменттегі мамандар.
Профилактикалық бақылаудың нәтижесі бойынша берілген нұсқамалардың тиісті білім беру мекемелерінің орындауы туралы мәлімет жергілікті атқарушы органдардың назарына ұсынылды.
Сонымен қатар, 2020 жылдың екінші жартыжылдығында профилактикалық бақылаудан өткізуге 24 оқу орны жоспарланған.
04 мамыр 2020 ж. 31 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области