Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қармақшы ауданының орталығында дезинфекция жұмыстары жүргізілді

Қармақшы ауданының орталығында дезинфекция жұмыстары жүргізілді

Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кентінде коронавирустық инфекцияның алдын алу мен санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында дезинфекция жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі күнге дейін аудан бойынша дезинфекция жұмыстары 218 көшеге, 20 аялдамаға, 1 теміржол вокзалына, 2 сауда үйіне, 84 эпидемиологиялық маңызды нысандарға жасалған.
Осы кезеңге дейін барлық жасалған дезинфекция жұмыстарының көлемі – 1 204 448 шаршы метрді құрайды.
Аудан көлемінде әлеуметтік төлемдер жүргізілетін кент, ауылдық округтерінде «Қазпошта» АҚ-ның 16 бөлімшесі және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның аудан орталығында 4, Төретам кентінде 1, Ақай ауылдық округінде 1 банкомат тәулік бойы жұмыс жасауда.
Аталған орындарда азаматтардың шоғырлануын болдырмау мақсатында банкоматтар мен пошта бөлімшелері ғимараттарында арақашықтығы 2 метр сақталатын арнайы белгілер сызылып, тиісті шаралар қабылдануда.




04 мамыр 2020 ж. 32 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области