Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстан халқына медициналық бетпердені шешпеуге кеңес берілді

Қазақстан халқына медициналық бетпердені шешпеуге кеңес берілді

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова қазақстандықтарға жабық ғимарат ішінде де, көшеде де бетперде киіп жүре беруді еске салды.
Маска кию-кимеу қажеттілігіне байланысты туындаған көптің сауалына жауап берілді.
«Жабық ғимараттарда да, сыртта да бетперде кіп жүре беруге кеңес береміз. Неліктен оны кию керек дейсіздер ме? Біз халықаралық тәжірибеге, озық тәжірибелерді зерттеп, соны өзімізде ескереміз. Ал бүгін Дүниежүзілік денсаулық ұйымы көшеде маска киюге кеңес береді, өйткені бет жабық болғанда адам бет-аузына, мұрнына қолын апармайды. Ал бұл ауруды жұқтырудың кеңінен тараған әрекеті», - деді Есмағамбетова Facebook-тегі онлайн-брифинг барысында.
Зерттеулерге сілтеме жасай отырып, Есмағамбетова адамның үш минут ішінде бетіне, мұрнына және көзіне бес рет қол тигізуі мүмкін екенін атап өтті.
04 мамыр 2020 ж. 41 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области