Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚР ҰҚК интернеттегі ақпараттық қауіптерге қатысты Telegram-бот ашты

ҚР ҰҚК интернеттегі ақпараттық қауіптерге қатысты Telegram-бот ашты

Kyzylorda-news.kz. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің KZ-CERT Компьютерлік инциденттерге әсер ету қызметі интернеттегі ақпараттық қауіп-қатерлер мен олардың алдын алу жолдары туралы хабардар етіп отыратын Telegram-ботты іске қосты.
Атап айтқанда, Telegram-бот арқылы қазақстандықтар:
- «KZ-CERT қызметтері» айдарына ақпараттық қауіпсіздіктің ықтимал қаупі және инциденті туралы хабарлай алады;
- «Call – Center»қызметінің 1400 бірыңғай ақпараттық-анықтамалық орталығына тәулік бойы тегін қоңырау шалуға болады.
- Қандай да бір доменде зиянды бағдарламалық жасақтаманың бар-жоғын тексере алады;
- «Құпия сөздің күрделілігін тексеру» қызметі жеке ақпараттың қауіпсіздігін күшейтуге көмектеседі;
- «Жиі қойылатын сұрақтар» айдарында ақпараттық қауіпсіздікке қатысты жиі жолданатын сұрақтарға жауап беріледі.
«Сондай-ақ, KZ-CERT қызметі ребрендинг жасап, www.cert.gov.kz жаңа интернет-ресурсын пилоттық режимде іске қосқанын еске салады. Жаңа интернет-ресурста нашар көретіндерге арналған нұсқа жетілдірілді, ресурстың мобильдік нұсқасы икемделді, құпия сөздің күрделілігін тексеру қызметі қосылды, онлайн режимде кез келген уақыттағы инциденттер статистикасын қарауға болады және 24/7 режимде онлайн кеңесшіден ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңес, көмек алуға болады», - делінген «KZ-CERT» Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметінің мәліметінде.
04 мамыр 2020 ж. 30 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области