Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ЖАҢА РУХ, ЖАҢА ЗИЯТКЕРЛІК СЕРПІН»

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ЖАҢА РУХ, ЖАҢА ЗИЯТКЕРЛІК СЕРПІН»


    Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен №267 орта мектепте базасында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Рухани жаңғыру: жаңа рух, жаңа зияткерлік серпін» тақырыбында семинар-практикум өтті.
    Шарада «Туған жер» бағдарламасы аясында патриот тұлға тәрбиелеу, «100 жаңа есім» шеңберінде мектеп тарихын зерттеуге ден қою, «100 жаңа оқулық» бағдарламасымен кітапхана қорын толықтыру жайлы айтылды.
    Шараға облыстық білім саласы ардагерлері қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шыналы Байділдаев, қалалық білім бөлімінің әдіскері Рита Мұқашева қатысты.
     Семинарда жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес «Сапалы білім беру: Тәжірибе мен ізденіс» тақырыбында ашық сабақтар көрсетіліп, «Сын тұрғысынан ойлаудағы диалогтік оқытудың маңызы» атты коучинг өтті.
    Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Л.Арихова «Жаңартылған бағдарлама – табысты болашақ кепілі» тақырыбында мұғалімдермен тренинг ұйымдастырып, қобыз үйірмесінің жетекшісі Ж.Сұрағанқызы «Қыл қобыз және домбыра күйлерінің прима аспабында орындалу ерекшеліктері» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
    «Атамұра» оқушылар ансамблі, «Қырмызы» бишілер тобы, «Домбыра-дастан» фольклорлық ансамблі шара көркін қыздыра түсті.
 
25 қаңтар 2018 ж. 244 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области