Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Kyzylorda-news.kz ақпарат агенттігінің 1 мамырға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Бүгінгі күн аздаған сәтсіздікен басталуы мүмкін. Оған алаңдаудың еш қажеті жоқ, бәрі қалыпқа келеді. Дұрыс шешім қабылдай білсеңіз, мәселеңіздің тез шешілуіне әсері бар. Қаржылық жағдайыңызда мәселе туындағанымен, жеке өміріңізде бәрі қалыпты. Романтикалық тосын сыйлар сізді қуантады.

Торпақ
Айналаңызға бір сәт назар аударсаңыз қызықты да маңызды жағдайлардың барын түсінесіз. Жаңа идея пайда болып, серіктестер табасыз. Сырт көздің сынына ренжімеңіз. Кейінірек олардың да пайдасы барын түсінесіз. Жақсы жаңалықтар күтіп тұр. Ескі таныстарыңызды кездестіріп, оған ерекше қуанасыз.

Егіздер
Егіздер үшін бүгін қайырлы күн. Ішкі түйсігіңіз қалай әрекет ету керектігін айтады. Оның арқасында сіз күрделі мәселелерді тез шешесіз, қарсыластарыңызды әлдеқайда артта қалдырасыз. Кәсіби біліктілігіңізді арттып, көкжиегіңізді кеңейтуге қолайлы күн. Бұрыннан араласып келе жатқан таныстарыңыз сізге жақсы кеңес береді, оларды тыңдау керек.

Шаян
Бүгінгі күн соншалықты жаман емес. Бірақ сізге айналаңыздағы адамдардың бәрі қарсы тұрғандай көрінеді. Сіз бүгін көңілді болғанды ұнатасыз. Сондықтан, жұлдыздар сізді қуанта алатын адамдармен бірге уақыт өткізуге кеңес береді.

Арыстан
Алдыңызға жоғары мақсаттар қоюға қорықпаңыз. Оларға қол жеткізу мүмкіндігіңіз бар. Арыстандар үшін жеке өмірін қолға алуға қолайлы күн. Енді адамдар сіздің ең жақсы қасиеттеріңізге назар аударады, бірақ олар кемшіліктерді байқамайды.

Бикеш
Бикештерге бүгінгі күн сәтсіздіктерге толы болып көрінеді. Бар жұмысы кері тартып, айналасындағыларға сенімі азайып кетеді. Бірақ күн сіз ойлағандай жаман емес. Сіз оны кейін түсінесіз.

Таразы
Сізде қызықты идеялар пайда болады. Пікірлеріңіз бен қорытынды ойыңыз көпшілікті таңқалдырады. Бүгін сізге біреу зиян келтіруі немесе жолыңызды жабуы екіталай. Отбасына қатысты жоспарланбаған сапарлар болуы мүмкін. Шағын қаржылық шығындар орын алады, бірақ сіздің бюджетіңіз үшін елеулі қауіп жоқ. Сонымен қатар, жақсы ақша табуға мүмкіндік болады.

Сарышаян
Сарышаяндар үшін күннің бірінші жартысы келіспеушіліктер мен дауласудан басталады. Жиі қиын жағдайлар туындап, шешімін таба алмайсыз. Алайда, уақыт өте келе, оң әсері арта түседі. Бұрынғы алған тәжірибеңіздің арқасында қиындықты жеңіп шығасыз. Сізге жағымды тосынсыйлар және күтпеген сыйлықтар болуы мүмкін, жақын адамдар сізді қуантуға тырысады.

Мерген
Мергендер үшін ресми және бейресми кездесуге қолайлы күн. Сапарларды осы күнге жоспарлауға болады. Жоспарланған сапарлар қызықты өтіп, жаңа адамдармен танысуға мүмкіндік береді. Қымбат сыйлықтар алуыңыз мүмкін.

Тауешкі
Үлкен табысқа жетуге мүмкіндік беретін жақсы күн. Ірі ауқымды жобалар мен күрделі істерді қабылдауға қорықпаңыз. Өзіңіздің тәжірибеңіздің аздығы мен білімсіздігіңіздің кесірінен аздаған проблемаларға кезігуіңіз мүмкін.

Суқұйғыш
Жұмыс үшін жағымды күн. Сіздің мақсатыңызға жету сіз күткеннен әлдеқайда жеңіл. Күннің басында қиял мен шығармашылықты қажет ететін нәрселерге көңіл аудару ұсынылады - олар сізге өзіңізді жақсы жағынан көрсетуге көмектеседі. Ақшалай қаражаттардың түсуі мүмкін, оның ішінде күтпеген. Кейбір суқұйғыштар жақсы келісімдер жасайды. Күннің екінші жартысы отбасылық мәселелерді шешу үшін қолайлы.

Балық
Қиын күн. Өз қабілетіңізге сеніңіз. Қарапайым мақсаттарға жету үшін де көп күш жұмсайсыз. Қызықты кездесулер болуы мүмкін. Достарыңыздың кеңесіне құлақ түріп, олардың білімін пайдаланыңыз. Ол сіз үшін пайдалы. Күннің екінші жартысы ескі қателерді түзетуге мүмкіндік береді оны жіберіп алмаңыз.
01 мамыр 2020 ж. 45 0

Ұқсас жаңалықтар:

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области