Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «ҚазМұнайГаз» дағдарысқа байланысты қызметкерлерді жаппай қысқартуды бастады

«ҚазМұнайГаз» дағдарысқа байланысты қызметкерлерді жаппай қысқартуды бастады

Kyzylorda-news.kz. «ҚазМұнайГаз» ұйымының басқарушы аппарат қызметкерлерінің үштен бір бөлігін қысқартты. Аталмыш шешім ҚМГ директорлар кеңесінде бекітілді.
Ұйымның таратқан мәліметтеріне сүйенсек, геология, барлау және өндіріс бөліктерін біріктіру. Сәйкесінше, Басқарма төрағасының геология және барлау жөніндегі орынбасарының қызметі қысқартылды.
Басқару деңгейлерін азайту. Нәтижесінде 22 басқарушы директордың лауазымдары жойылады.
Сондай-ақ, департаменттердің санын үш есе азайту туралы шешім қабылданыпты.
«Корпоративтік орталықтың құрылымы шағын әрі жедел қимылдауға және бизнес үшін дағдарыс салдарын аз шығынмен еңсеру үшін тиімді шешімдер қабылдай алатындай болуы тиіс. Дағдарысқа қарсы стратегияны жүзеге асыруға баса назар аудару мақсатымен көптеген қызмет түрлерінен бас тартамыз және еншілес компаниялармен ықпалдастықтың тетіктерін қайта қарастыратын боламыз», – деді ҚМГ басқарма төрағасы Алик Айдарбаев.
Осылайша орталық аппараттағы қызметкерлердің штаттық санын 34%-ға, яғни, 729-дан 480 адамға дейін азайту туралы шешім қабылданыпты.
30 сәуір 2020 ж. 49 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области