Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жаңа заң: Қазақстандық ардагерлердің жәрдемақысы көбейіп, 11 түрлі салықтан босатылады

Жаңа заң: Қазақстандық ардагерлердің жәрдемақысы көбейіп, 11 түрлі салықтан босатылады

Kyzylorda-news.kz. Қазақстандық ардагерлерге төленетін жәрдемақы ұлғайып, олар салықтың 11 түрінен босатылады. Сенат ардагерлер туралы заң мен оған ілеспе екі заңды қабылдады.
Бүгін сенатта «Ардагерлер туралы» заң жобасы мен оған ілеспе екі заң жобасы қаралды.
Жаңа заң жобасында ардагерлердің санаты кеңейтілді:
– ҰОС ардагерлері, оларға ҰОС қатысушылары мен ҰОС мүгедектері жатады;
– басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, оған Ауғанстандағы ұрыс-қимылға қатысқан әскери қызметшілер, 1992 жылдан 2001 жылға дейінгі кезеңде тәжік-ауған шекарасында ТМД-ның сыртқы шекарасын күзетуді күшейтуге, 1968 жылы Чехословакиядағы жанжалды реттеуге, Таулы Қарабахтағы этносаралық жанжалды реттеуге қатысқан адамдар, сондай-ақ Ирактағы бітімгершілік операцияларына қатысқан ұлттық контингент қосылған;
– жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, оларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілген азаматтардың 8 санаты және ҰОС мүгедектеріне теңестірілген азаматтардың 5 санаты кіреді;
– еңбек ардагерлері, оған Социалистік Еңбек ерлері, үш дәрежелі «Даңқ», үш дәрежелі «Еңбек даңқы» орденінің иегерлері, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған тұлғалар, 1942 жылдан 1945 жыл аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген, әскери қызмет өткерген және ҰОС жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО орденімен және медальдарымен марапатталған азаматтар жатады.
Сонымен қатар, ардагерлерге әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіледі.
Жеке тұрғын үй салу үшін бірінші кезекте жер учаскесін алу құқығы, коммуналдық тұрғын үй қорының үйлеріндегі өзі тұрып жатқан пәтерді меншігіне беру, техникалық-кәсіптік және жоғары оқу орындарына оқуға түсу кезіндегі артықшылықтар, кепілдік берілген арнаулы әлеуметтік қызметтер көлемін бірінші кезекте алу және тағы басқа жеңілдіктер қарастырылған.
Бұдан бөлек, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдардың ардагерлері ретінде танылатын жаңадан қосылған әскери қызметшілерге 4,8 АЕК (2020 жылы 13 334 теңге) мөлшерінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.
Социалистік Еңбек ерлері, оның ішінде ҰОС қатысушыларын ескере отырып, үш дәрежелі «Еңбек даңқы» ордендерінің иегерлеріне тағайындалатын арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерін "Қазақстанның Еңбек Ері" алатын жәрдемақы мөлшерімен теңестірілді. Яғни, жәрдемақы 138,63 АЕК-ке (2020 жылы 385 114 теңге) дейін арттырылды.
1988-1989 жылдары Чернобыль АЭС-тегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы 4,8 АЕК-ке (2020 жылы 13 334 теңге) дейін өсті.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтің айтуынша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттен жеңілдіктер мен кепілдіктерді 169 мың ардагер алса, жаңа заң жобасы аясында 180 мыңнан астам ардагер қолдау шараларымен қамтылады.
Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен оларға теңестірілген азаматтар салықтың 11 түрінен босатылады.
Осы санатқа Чехословакиядағы қақтығыстарға, Таулы Қарабахтағы Этносаралық шиеленістерге, Ирактағы бітімгершілік операцияларына және тәжік-ауған шекарасындағы ТМД елдерінің сыртқы шекараларын күзетуге қатысушыларды қосу көзделіп отыр. Аталған азаматтар тағы да бірқатар басқа төлемдерден босатылады.
30 сәуір 2020 ж. 48 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области