Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда коронавирусты анықтайтын сынамалар неліктен қымбат?

Қазақстанда коронавирусты анықтайтын сынамалар неліктен қымбат?

Kyzylorda-news.kz. «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Берік Шәріп сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Facebook парақшасы арқылы тікелей эфирде ПТР тестілеу бағасы неге қымбат екенін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz.
«Біз коронавирустық инфекцияны анықтауға арналған сынамалардыі бағасын талқыладық. ПТР сынамасы қымбат әдіс екенін түсіну керек. Мысалы, 10 доллар - бұл тесттің өзінің бағасы. Сонымен қатар, рибонуклеин қышқылын бөлуге арналған жинақ бар, оның бағасы 3 доллар, сізге түтікшелер, тампонмен зонд сатып алу керек. Зертхана таза бөлмеде жабдықталуы керек, үлгіні алдын-ала тексеруге арналған арнайы жабдықтар бар. ПТР зертханасының өзі өте күрделі. Онда жұмыс істейтін қызметкерлерінде қауіптің төртінші деңгейі бар. Олар да тәуекелге барады. Олар маска, арнайы көзілдірік, қорғаныс костюмдерін кию керек. Инфекцияның үлкен қаупі бар. Сондықтан бұл тест арзан емес», - деп түсіндірді Берік Шәріп.
Оның айтуынша, қазірдің өзінде сынама жасай бастаған компаниялар бар. Қазір бұл сынамалардың дәлдігі туралы мәселе пысықталуда.
«ПТР сынамалары тек зертханада жасалады. Вирусқа антиденелердің болуын көрсететін жедел сынамалар бар. Бізге Ұлыбританиядан сынама 19 долларға ұсынылды, 5-7 долларға ұсынылған сынамалар болды. Бірақ мұнда нәтиженің дәлдігі маңызды. Вирустың ағзада бірінші рет тексергеннен анықталмаған кездері болды. Тек бірнеше тексеруден кейін инфекция анықталып жатты», - деді спикер.
Сондай-ақ, «СК-Фармация» басшысы карантинге уақытында дәрі-дәрмектерді қалай сатып алатындығы туралы әңгімеледі.
«Бізде көптеген келісім-шарттар бар. 1400 тауарлар бірыңғай дистрибьютор ретінде берілген. Коронавирустық инфекцияны емдеу үшін сатып алған дәрілердің негізгі үлесі бірдей. Біз тек келісім-шартты кеңейттік. Дәрілермен проблемалар туындамайды. Маска, қолғап жеткізуді қамтамасыз еттік. Қазір жеке қорғаныс құралдарын сатып алу үшін қосымша резерв жасалады. Осыған байланысты біз сыртқы істер министрлігімен жағдайды пысықтайтын боламыз. Қазір айтарлықтай көлемде гуманитарлық көмек алдық. Сонымен қатар, сынамалар, маскалар, қорғаныс киімдерінің өндірісін құру туралы мәселе туындап отыр», - деп қорытындылады Берік Шәріп.
30 сәуір 2020 ж. 37 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области