Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ғалымдар: Коронавирус маусымдық ауруға айналады

Ғалымдар: Коронавирус маусымдық ауруға айналады

Kyzylorda-news.kz. Қытай медицина ғылымдары академиясы патегондер биологиясы институтының ғалымдары коронавирустың көзі жойылмайтынын, ол маусымдық тұмау секілді жыл сайын пайда болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды New York Post.
Ғалымдардың зерттеуінше, COVID-19 оның туысы, 17 жыл бұрынғы SARS секілді түбегейлі жоғалып кетпейді. SARS жұқтырғандар ауруды ауыр өткізген екен. Оның белгілері де айқын болған. Карантин режимі енгізілгеннен кейін оның тарауы бәсеңдеген.
Алайда COVID-19 көп жағдайда еш белгісіз өтеді және вирус та білдіртпей тарайды. Сондықтан коронавирустың тарауын толығымен тоқтату мүмкін емес. Қытайдың өзінде күн сайын еш белгісі байқалмаған ондаған науқас анықталатын көрінеді.
«Бәлкім бұл адамзатпен ұзақ уақыт бірге өмір сүретін, маусымдық ауруға айналатын эпидемия секілді қалады», - дейді қытайлық ғалым Цзинь Ци.
Айта кетейік, дүние жүзі бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 3,2 миллионнан асты. 1 миллионнан аса адам жазылып шықты. Коронавирус 228 223 адамның өмірін қиды.
30 сәуір 2020 ж. 49 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области