Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда Президенттің өкілеттігі кеңейтілмек

Қазақстанда Президенттің өкілеттігі кеңейтілмек

Kyzylorda-news.kz. Мәжілісте Қазақстан Президентінің өкілеттігін төтенше жағдай кезінде кеңейтуге арналған заң жобасы мақұлданды.
«Төтенше жағдай енгізілген және осыған байланысты әлеуметтік-экономикалық саладағы дағдарыс жағдайына байланысты туындаған кезеңде шараларды жедел қабылдау мақсатында Президентке заңнамада көзделген жекелеген қоғамдық қатынастарды реттеудің өзге де тәртібін белгілеу бойынша өкілеттіктер беру ұсынылады», - делінген «Төтенше жағдай мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына түсіндірме жазбада.
Президенттің актілері негізінде салық, бюджет, кеден, банк, еңбек, монополияға қарсы заңнама, Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы заңнама, Мемлекеттік сатып алу, валюталық реттеу, азаматтарды әлеуметтік қорғау, мемлекеттік мүлік, бәсекелестікті қорғау, мемлекеттік бақылау және қадағалау, елдің халықаралық міндеттемелерін іске асыру мәселелері бойынша заңнаманың қолданылу ерекшеліктері белгіленуі мүмкін.
«Заң жобасын іске асыру Президенттің Ұлттық, оның ішінде мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және тұрақтылықты сақтауға бағытталған кейінге қалдыруға болмайтын іс-әрекеттерді талап ететін ТЖ жағдайында қоғамдық қатынастарға жедел араласуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - делінген заң жобасының ғылыми экономикалық сараптамасының қорытындысында.
30 сәуір 2020 ж. 45 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области