Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛЕДІ


«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты 2018 жылғы 10 қаңтардағы Жолдауда Мемлекет басшысы жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрестің жалғаса беретіндігін атап өтті.
Осы бағытта, Қызылорда облысының Статистика департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шараларын тұрақты  жүргізеді.
Қазақстан Республикасының  2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру шеңберіндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің 2016-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын  орындау мақсатында былтыр Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика туралы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы және әдептілік нормаларын түсіндіру  мақсатында  27 семинар мен дөңгелек үстел өткізілді.
Сонымен қатар,  «Құқық бұзушылыққа «мүлдем» төзбеушілікті қалыптастыру» тақырыбында жадынама әзірленіп, онда  сыбайлас жемқорлық ұғымын, сыбайлас жемқорлық көрінісінің фактілерін анықтаған жағдайда азаматтардың іс-қимылдарының тәртібін түсіндіру, департаменттің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізу бойынша уәкілетті органның сенім телефоны көрсетілді. Жадынамалар респонденттерге таратылды.  
Одан басқа, жемқорлық фактілеріне жол бермеу мақсатында департамент бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жылына екі рет жүргізіледі.
    Мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқына қойылатын жалпы стандарттардың қатаң сақталуын  қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызмет туралы заңнама және әдептілік кодексі бұзушылықтарын алдын алу  мақсатында департамент бойынша  Әдеп жөніндегі уәкіл өз тиісті функцияларын жүзеге асырады.
Респонденттерден статистикалық деректерді қабылдау «бір терезе» қағидасы бойынша жүзеге асырылады және бұл салалық басқарма мамандарымен тікелей байланысты болдырмайды. «Е-Статистика»  интеграцияланған ақпарат жүйесі аясында  «Статистикалық есептерді онлайн режимде қабылдау» ақпараттық жүйесі өз қызметін атқарады.
Респонденттермен қайтарымды байланыс жүргізу үшін «шағым және ұсыныстар кітабы» жүргізіледі, жеке және заңды тұлғалардың  өтініштері мен хаттары үшін пошта жәшігі бар.

25 қаңтар 2018 ж. 549 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области