Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ДДҰ 2020 жылды – «Мейірбикелер жылы» деп жариялады

ДДҰ 2020 жылды – «Мейірбикелер жылы» деп жариялады

Kyzylorda-news.kz.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы 2020 жылды Мейірбикелік және акушерлік қызмет саласындағы қызметкерлердің халықаралық жылы деп жариялады, - деп хабарлайды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми сайты.
«Медбикелер мен акушерлер денсаулық сақтау саласында қызмет көрсетуде маңызды рөл атқарады. Олар өз өмірін аналар мен балалардың қамқорлығына арнайды, өмірлік маңызды екпелер салып, медициналық ұсыныс-кеңестерін береді, қарт адамдарға күтім жасайды. Жалпы алғанда халықтың денсаулық сақтау саласындағы негізгі күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандырады. Олар көбіне жергілікті тұрғындар үшін медициналық көмек көрсететін алғашқы және жалғыз адам болып отыр», - делінген ДДҰ сайтында.
Мәлім етілгендей, 2030 жылға дейін денсаулық сақтау қызметтерімен жалпылай қамтуға қол жеткізу үшін мейірбикелік және акушерлік салада 9 млн қосымша жұмыс орнын құру қажет.
«Сондықтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы 2020 жылды Мейірбикелік және акушерлік қызмет саласындағы қызметкерлердің халықаралық жылы деп жариялау туралы шешім қабылдады», - делінген ақпаратта.
15 сәуір 2020 ж. 189 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области