Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Гүлшара Әбдіқалықова облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасын қабылдады

Гүлшара Әбдіқалықова облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасын қабылдады

Kyzylorda-news.kz. Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаевты қабылдады.
Кездесуде аймақ ардагерлерінің жағдайы мен кеңестің қоғам өміріндегі маңызы талқыланды.
«Облыстық аргерлер кеңесі белсенді жұмыс істеуде. Өңірде 723 бастауыш ұйым бар. Аталған ұйымдарға 74 мыңға жуық ардагер мүше. Қазіргідей төтенше жағдай кезеңінде әрқайсымен телефон арқылы байланысып, жағдайларын біліп отырмыз», - деді Серік Дүйсенбаев.
Аймақ басшысы коронавирус індетінің өршуіне байланысты ардагерлердің үйде отыруы маңызды екенін атап өтті.
«Жаңа қызметімді үлкендеріміздің ақ батасын алып бастасам деймін. Біз қай заманда да үлкенін сыйлап, құрметтей білген халықпыз. Содан да болар, бізде атадан балаға жалғасқан ұрпақтар сабақтастығы берік қалыптасқан. Өкінішке қарай, қариялармен жүзбе-жүз кездесіп, пікірлесудің сәті түспей келеді. Алайда, вирусты жеңгеннен кейін арнайы кездесу ұйымдастырамыз. Елді мекендерді аралаған кезде де арнайы жүздесетін боламын. Дәл қазір үйден шықпай, денсаулықтарын сақтағаны жөн. Ардагерлерімізге сәлемімді жеткізсеңіз», - деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.
Кездесу соңында кеңес төрағасы аймақ басшысының қызметіне сәттілік тілеп, облыстың дамуы мен ішкі ахуал тұрақтылығын сақтауға бағытталған тың бастамаларға қолдау көрсететінін жеткізді.
31 наурыз 2020 ж. 143 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области