Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда қаласының сауда орындарында тегін бетперделер таратылды

Қызылорда қаласының сауда орындарында тегін бетперделер таратылды

Kyzylorda-news.kz. Бүгін қала кәсіпкерлері тарапынан базарлар мен сауда орындарына келушілерге тегін медициналық бетперделер таратылды.
«Қызылорда оптомаркет» сауда үйі тарапынан тұтынушыларға 3000 бетперделер үлестірілсе, «Мирас» сауда үйі 1000 данасын таратты. Сондай-ақ, бұған дейін «Ажар сити» сауда орталығы да өз тұтынушыларына 500 тегін медициналық бетперделер үлестірді.
«Алдағы уақытта да кәсіпкерлер тарапынан келген тұтынушыларға тегін бетперде тарату акциясы Қызылорда қаласы аумағында халыққа қызмет көрсететін 80-ге жуық сауда үйі мен 12 базарда жалғасын табатын болады»,-деді қала әкімінің орынбасары Бектас Нұридинов.
Баршаңызға белгілі, ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың 15.03.2020 жылғы «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» №285 Жарлығына сәйкес, қала әкімі Н.Нәлібаевтың тапсырмасымен жедел штаб жұмысы ағымдағы жылдың 16 наурызынан бастап, қала көлемінде кәсіпкерлік, әлеуметтік нысандарда және тұрғындар мен халық көп шоғырланатын орындарда түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді.
26 наурыз 2020 ж. 13 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области