Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Арал ауданында төтенше жағдай режимін бұзған тұрғын жазаланды

Арал ауданында төтенше жағдай режимін бұзған тұрғын жазаланды

Kyzylorda-news.kz. 23 наурызы күні ауданға қарасты Аманөткел елді мекенінің тұрғыны баласын үйлендіру мақсатында отбасылық шара өткізіп, той жасағаны анықталды. Аталған азаматша Қазақстан Республикасында төтенше жағдай жариялануына байланысты мемлекеттік орган белгілеген режимді бұзған.
ӘҚБтК-нің 476-бабының 3-тармақшасында төтенше жағдайдың жариялануына байланысты мемлекеттік орган белгілеген режимді бұзу немесе талаптарын орындамау, сондай-ақ, жергілікті заң комендантының заңды бұйрықтары мен өкімдерін, жиналыстар, митингілер, шерулер, демонстрациялар, сондай-ақ, ойын-сауық, спорттық, басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу бөліктерінде талаптарды орындамағаны үшін жауаптылық көзделген.
Сот отырысында ӘҚБтК-нің 476-бабының 3-тармақшасы бойынша кінәлі деп танылған азаматшаға 26 510 (жиырма алты мың бес жүз он) теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Қаулы заңды күшіне енген сәттен бастап, айыппұлды еркімен өз төлеуі үшін 30 тәулік мерзім берілді.
26 наурыз 2020 ж. 95 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области