Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысында баға тұрақтылығы басты назарда

Қызылорда облысында баға тұрақтылығы басты назарда

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында егін көлемі өткен жылғы межеден қысқармайды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тұз, балық, сүт өндірісі де қалыпты жұмыс істеп тұр. Ал әлеуметтік дүкендер саны екі есеге дейін артады. Елдегі төтенше жағдай кезінде Сыр өңірінің басты дақылы – күріштің көтерме бағасы келісіне 220 теңгеден, ал бөлшек саудада 253 теңгеден аспауы тиіс. Бұл – шекті баға. Бүгінде облыс бойынша Сыр маржанының 95 мың тонна қоры бар. Яғни келесі егін орымына дейін ел нарығын қамтуға жеткілікті. Мәселен, өңірдегі тәулігіне 120 тонна өнім шығаратын ірі күріш өңдеу зауытының қоймасында 15 мың тонна ақ күріш ел аймақтарына жөнелтілуге дайын тұр.
«Республика бойынша 30-40 пайызын Нұр-Сұлтан қаласы мен Алматыға жіберіп жатырмыз. Одан кейін Шымкент қаласы, Түркістан облысы. Ең бастысы, доллардың өсіп кетпеуі. Біздің қосалқы бөлшек, гербицидтеріміз, техникаларымыз осы доллорға байланысты болып тұр», - дейді серіктестік директоры Мағжан Ералиев.
Коронавирус індеті өрши түскен кезде, мұнайдың арзандап, доллардың қымбаттауы азық-түлік өндірісіне де оңай соқпасы анық. Дегенмен биыл күрішті аймақ диқандары басты дақылдың көлемін өткен жылғыдан кем екпеуді, яғни 88 мың 200 гектарды еңсеруді жоспарлап отыр.
Аймақта азық-түлік бағасын тұрақтандыру және қажетті қорын қалыптастыру мақсатында облыс әкімінің резервінен 105 млн 800 мың теңге бөлініп, 1 мың 100 тонна өнім сатып алынды. Сондай-ақ тұрақтандыру қорына қосымша 3,5 мың тонна өнім алу үшін облыстық бюджеттен 400 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Ал бүгінгі күні облыс қоймаларында 9,5 мың тоннаға жуық азық-түлік қоры бар.
«Қазіргі таңда Қызылорда облысында күріш жармасы мен ас тұзының жеткілікті қоры бар. Өздеріңіз жақсы білесіздер, Аралда балық шаруашылығы өте жақсы дамыған. Бүгінгі күні біз Нұр-Сұлтан қаласын және Алматы қаласын осы өнімдермен қамтамасыз етуге біздің кәсіпкерлеріміз дайын. Және өзіміздің әріптестерімізбен бірге жұмыс жасап жатырмыз. Басқа облыстардан шығатын өнімдерді біз алу бойынша тиісті жұмыс істеп жатырмыз», - дейді облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті тауарларына қойылатын үстеме баға 15 проценттен аспауы тиіс. Облыс әкімдігі тауарөндірушілер және сауда субъектілерімен ынтымақтастық меморандумына қол қоя отырып, осындай келісімге келді.
26 наурыз 2020 ж. 47 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области