Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 26 наурыз: Атаулы күндер мен оқиғалар

26 наурыз: Атаулы күндер мен оқиғалар

Күлгін күн
2008 жылғы 26 наурыздан бері қалың жұртшылыққа эпилепсия ауруы туралы ақпарат беру мақсатында аталып өтеді. Оған қатысушылар киімдеріне күлгін түсті таспаны (эпилепсияның символы) түйреп алады. 2009 жылы Күлгін күн АҚШ-та анита Кауфманн қорының қолдауымен тойланды. Акцияға 100 мыңнан астам студент, 95 ұйым өкілдері және 116 саясаткер қатысты. Содан бері оған қатысушылардың қарасы көбейіп келеді.

1937 жылы 1936 жылғы желтоқсанның 5-дегі КСРО-ның жаңа Конституциясы қабылдануына және Қазақ Автономиялы КСР-ның Қазақ КСР одақтас республика болып қайта құрылуына орай Қазақстан Кеңестерінің төтенше X съезі өтіп, Қазақ КСР-ның жаңа Конституциясы қабылданды.

1993 жылы Қызылорда қаласында Арал теңізі проблемалары бойынша мемлекетаралық келісімге қол қойылды. Келісімге Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан Республикаларының президенттері қол қойды. Келісімнің арнайы баптарында Арал теңізі айдынындағы экологиялық дағдарысқа байланысты негізгі мәселелер нақты қаралды. Апаттың алдын алуға, қоршаған ортаны сауықтыруға және Арал аймағының әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін, денсаулық сақтау, т.б. шараларға тікелей назар аударылды. Келісімді орындаудың алғышарты ретінде Халықаралық Арал қоры, Арал теңізі мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңес құрылып, олардың ұйымдық мәселелері шешілді.

2012 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі өңірдегі 6 елді мекенді - Арыс, Түркістан, Сарыағаш, Жетісай, Шардара, Леңгірді моноқалалар тізіміне енгізуді ұсынды.
26 наурыз 2020 ж. 20 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области