Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысында 4 медициналық-бақылау бекеті жұмысын бастады

Қызылорда облысында 4 медициналық-бақылау бекеті жұмысын бастады

Kyzylorda-news.kz. Елімізде төтенше жағдай жариялануына байланысты облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов "Қызылорда-Павлодар" тас жолына қойылған медициналық-бақылау бекетінің жұмысымен танысты. Өңір басшысына қала әкімі және облыстық полиция департаментінің бастығы атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.
Жалпы аймақта бүгіннен бастап Жезғазған, Түркістан, Ақтөбе бағыттары бойынша 4 медициналық-бақылау бекеті жұмыс істейді. Жауапты сала мамандары аймаққа келім-кетім көліктерді тоқтатып, азаматтардың жағдайын тексереді. Қауіпсіздік мақсатында азаматтардың жеке мәліметтері жинақталады.
Аталған бекеттерде облыстық денсаулық сақтау басқармасы, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті және полиция департаменті қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істейтін болады.
Аймақ басшысы медициналық-бақылау бекетіндегі сала мамандарына нақты тапсырмалар берді.
«Нұр-сұлтан, Қарағанды қаласынан келген азаматтарды толық тексеруден өткізіп,міндетті түрде арнайы анкета толтыру қажет. Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың барлығы уақытылы, мүлтіксіз орындалуы керек. Сонымен қатар, ірі және шағын сауда нүктелеріндегі азық-түлік сататын бөлімдердегі тазалық талапқа сай болуы тиіс. Залалсыздандыру құрылғыларына, бетпердеге аса мән беріңіздер. Тамақтану орындары кешкі сағат 10:00-ге дейін ал мейрамханалар жұмысын мүлде тоқтату керек»,- деді облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов.


20 наурыз 2020 ж. 38 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области