Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Коронавирус: Қызылорда облысының аумағында 4 блокпост қойылады

Коронавирус: Қызылорда облысының аумағында 4 блокпост қойылады

Kyzylorda-news.kz. Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына коронавирус инфекциясы анықталып, шет мемлекеттерден келген азаматтардың тіркелуіне байланысты карантин жарияланып, соған сәйкес, еліміздің барлық облыстарында инфекцияның алдын алу бағытындағы шаралар күшейтілген болатын.
Қызылорда облысы бойынша коронавирус инфекциясы тіркелген жоқ. Дегенмен, коронавирус инфекциясының алдын алу бағытында аймағымызда да бірқатар жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында COVID-19 инфекциясының тіркелуіне байланысты 2020 жылдың 19 наурызы сағат 00:00-ден бастап екі мегаполисте карантин режимі енгізілді және 22 наурыздан бастап толығымен жабылды.
«Осыған орай, біздің облысқа да азаматтар келе бастады. Коронавирус инфекциясының аймақта таралуының алдын алу мақсатында сақтық шаралары күшейтілуде. Яғни барлық қала, аудан кесіміндегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау және денсаулық сақтау саласы мамандары жергілікті аймақтар бойынша үй аралау жұмыстарын бастап, аталған қалалардан келген азаматтарды 14 күнге қоңырау шалу арқылы медициналық бақылауға алады. Қазіргі таңда сырттан келген азаматтарды Қызылорда облысы аумағына, яғни Жезқазған жолы, Арал, Жаңақорған аудандары жолдарына кемінде 4 бақылау өткізу бекетін (блокпост) қою бойынша жұмыстар жүргізілуде», – деп атап өтті облыстық Денсаулық сақтау басқармасы.
Сондай-ақ, медицина қызметкерлері облыс шекараларына келушілердің тізімін анықтап, денсаулықтарын бақылауға алатын болады.
Осыған орай, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы барша азаматтардан карантин жарияланған қалалардан келгенде және инфекцияның белгілерін байқаған жағдайда жедел жақын орналасқан емханаларға көрінуін, 103 жедел жәрдем қызметіне және 40-00-01 сенім телефонына хабарласуларын сұрайды.
20 наурыз 2020 ж. 27 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области