Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Коронавирусты танкпен атпақ па?»: Қорғаныс министрлігі ресми мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

«Коронавирусты танкпен атпақ па?»: Қорғаныс министрлігі ресми мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Kyzylorda-news.kz. Тексеріс Қарулы күштер қатарында коронавирустың таралуына қарсы тұру шаралары аясында өткізіліп, соңғы кезең ретінде қарастырылған.
Бүгін әлеуметтік желіде елімізде әскери техникалардың топталып тұрғаны көрсетілген видео тарады. Оны желіккен жұрт «Коронавирусты танкпен атпақ па?», «Карантин бекеттеріне қойылып жатыр екен»... деп сан-саққа жүгіртті. Сол себепті, Қорғаныс министрлігі ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«2020 жылдың 18 наурызында әскери даярлықты тексеру бойынша бұрын бекітілген жоспарға сәйкес, Аягөз гарнизонының әскери бөлімдерінің бірі әскери даярлықтың жоғары деңгейіне келтірілді. Барлық техника жұмыс істеп, уақытында шықты. Техника мен әскери қызметшілер өзін мықты қырынан көрсетті. Марш болмады. Техникалар қосымша қаралып, екі сағаттан кейін тұрақты дислокация бекетіне қайтарылды», – деп хабарлады министрлік өкілдері.
Алайда, ресми мәлімдемедегі «Тексеріс Қарулы күштер қатарында коронавирустың таралуына қарсы тұру шаралары аясында өткізіліп, соңғы кезең ретінде қарастырылған» деген сөйлемнің дұрыс жазылмағаны анық.
«Бүгінгі таңда ҚР Қарулы күштері бас штабының нұсқауы бойынша тұрақты дислокациялардағы барлық пунктің тексерісі тоқтатылған» делінген хабарламада.
Бұл ретте, Қорғаныс министрлігі Қарулы күштерінде жыл сайын жүзге тарта әскери жауынгерлік даярлық өтетінін ескертеді.

23 наурыз 2020 ж. 32 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области