Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Рушылдық па, руластық па?

Рушылдық па, руластық па?

Kyzylorda-news.kz. Соңғы кезде көлігіне «Темеш», қалпағына «Қарпық» деп жазып алғыш мақтаншақтар көбейіп кетті.
Иә, мақтанатын өзі ешбір тірлік жасай алмаған адам осылай руын бетперде ететіні бар. Бұл – руымен мақтану емес. Руының абыройын күйттесе, Арғын арасынан алаяқ шықпас еді. Найман жұрты ішкішін өзі-ақ түзеп алар еді. Дулат сұғанақтың қолын өзі шабар еді. Яғни, руының атауын көлігіне жабыстыру – жай қырт тірлік. Осы арада «рушылдық» деген қалшылдаған ұғымды, «руластық» деген қылшылдаған жас, жасамыс атауға ауыстыру керек шығар? Рушылдық – бөлінудің көрінісі. Ал руластық – бірігудің басы. Қош, сонымен не істеу керек?
Әлгінде айтқан корейдің радикалды саясатын қазақ арасына ендіру керек. Найман әскери көлік-жараққа маманданса, Дулат халықаралық саудаға әбден бейім социумға айналып кетуі керек. Осыдан кейін белгілі рудың өкілдерінің күшімен пайда болған концерн, корпорациялар да өмірге кеп қалар?.. Қысқасы, ұлт бойындағы кез келген кемшілікті кеңшілікке, кертартпалықты ерекшелікке айналдыруға болады. Тек жолын табу керек.
Айтпақшы, ел көп мақтаған жапон да рушылдығының арқасында өркендеген.

Нұрбек БЕКБАУ
21 наурыз 2020 ж. 23 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области