Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан өзге өңірлерге әуе рейстері тоқтатылды

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан өзге өңірлерге әуе рейстері тоқтатылды

Kyzylorda-news.kz. Нұр-Сұлтаннан 16 қалаға, Алматыдан 18 қалаға ішкі әуе рейстері тоқтатылды, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
«ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімдерін орындау үшін 2020 жылғы 22 наурыз күні сағат 00:00-ден бастап халықаралық және жүк рейстерін қоспағанда, барлық қазақстандық әуе компаниялардың Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына келетін және ұшып шығатын тұрақты, тұрақты емес (чартерлік) жолаушылар рейстері тоқтатылады», - делінген ақпаратта.
Атап айтқанда Нұр-Сұлтан қаласынан Алматы, Балқаш, Талдықорған, Петропавл, Тараз, Шымкент, Жезқазған, Қызылорда, Орал, Өскемен, Павлодар, Семей, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай және тағы басқа қалаларға 16 ішкі бағыт бойынша аптасына 320 тұрақты рейс тоқтайды.
Ал Алматы қаласынан Нұр-Сұлтан, Балқаш, Көкшетау, Петропавл, Тараз, Шымкент, Жезқазған, Қарағанды, Қызылорда, Орал, Өскемен, Павлодар, Семей, Үржар, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай және тағы өзге қалаларға 18 бағыт бойынша аптасына 295 тұрақты рейс тоқтатылады.
«ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2020 жылғы 16 наурыздағы № 1 хаттамасына сәйкес әуе компаниялар төтенше жағдай режимі қолданылатын кезеңде әуе билеттерін айыппұлсыз және толық көлемде қайтаруды рәсімдеуі қажет. Азаматтық авиация комитеті азаматтардың шоғырлануын болдырмау үшін жолаушыларға 2020 жылғы 22 наурызда сағат 00:00-ден бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әуежайларына бармауды ұсынады», - деп атап өтті ведомстводан.
19 наурыз 2020 ж. 21 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области