Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Байқоңыр қаласы төтенше жағдайға байланысты жоғары деңгейдегі дайындыққа келтірілді

Байқоңыр қаласы төтенше жағдайға байланысты жоғары деңгейдегі дайындыққа келтірілді

Kyzylorda-news.kz. Байқоңыр қаласы жоғары деңгейдегі дайындыққа келтірілді. Қалыптасқан санитарлық жағдайға орай қалаға кіріп шығу тәртібі белгіленді. Ғарыш айлағында жедел штаб құрылып, қазақстандық және ресейлік орта білім беру ұйымдарының оқушылары демалысқа шықты, колледждер қашықтан оқыту жүйесіне көшті.
«Крайний» әуежайы тек зымыранды ұшыру кезінде ғана ұшақтарды қабылдайды. Келген жолаушыларды тепловизормен тексеретін санитарлық бекет іске қосылды. Дезинфекция толығымен жүргізілді.
Айта кетейік, аймақта залалсыздандыру жұмыстары бойынша әуежай, авто және теміржол вокзалдары кешенді тазалаудан өткізілді. Сауда алаңының аумағы 2 мың шаршы метрден асатын 30 ірі нысанға ұдайы дезинфекция жасалып жатыр.
18 наурыз 2020 ж. 27 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области