Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Асхат Аймағамбтов: Балабақша тәрбиешілерін ақылы еңбек демалысына жіберу қажет

Асхат Аймағамбтов: Балабақша тәрбиешілерін ақылы еңбек демалысына жіберу қажет

Kyzylorda-news.kz. ҚР Білім және ғылым министрлігі қызметкерлерінің 70 пайызы қашықтан жұмыс істеуге кірісті. Бұл туралы министр Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында жазды.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, ҚР БҒМ қызметкерлерінің 70 пайызы қашықтан жұмыс істейтін форматқа көшті, арасында еңбек демалысына шыққандар да бар. Бұл шешім, ең алдымен, созылмалы ауруы бар, жасы зейнеткерлікке таяған және үйінде кішкентай балалары бар әріптестерге қатысты. ҚР БҒМ 14 наурызда қабылдаған №108 бұйрығына сәйкес мектеп каникулы кезінде мұғалімдердің 100 пайызы және қашықтықтан оқыту барысында колледждер мен ЖОО-ның оқытушылары қашықтықтан жұмыс істеуі тиіс», – деді министр.
Бұдан бөлек, министр кеше қосымша білім беру, ПМПК, КППК қызметкерлеріне қатысты қосымша шешім қабылданғанын мәлімдеді. Қазір оларды ақы төленетін еңбек демалысына жіберу ұсынылды.
«Ата-аналар бүлдіршіндерін апармауды ұйғарған топтарда жұмыс істейтін балабақша қызметкерлеріне де ақылы еңбек демалысын беру қажет. Сонымен қатар, білім және ғылым саласындағы басшыларды ұйымның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етумен айналысатын мамандардан өзге барлық қызметкерлерін ақылы еңбек демалысына жіберуге немесе қашықтықтан жұмыс істеу форматына ауыстыруға тапсырма бердім. Біз үшін азаматтарымыздың денсаулығын сақтауды ойлау және инфекцияның таралу тізбегін тоқтатуға күш салу маңызды. Бұл ретте өзін-өзі оқшаулауды қамтамасыз ету, қоғамдық орындарға бармау өте маңызды», – деді Асхат Аймағамбетов.
18 наурыз 2020 ж. 98 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области