Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Еліміздегі ауруханаларға тек сонда жұмыс істейтіндер ғана кіргізіледі

Еліміздегі ауруханаларға тек сонда жұмыс істейтіндер ғана кіргізіледі

Kyzylorda-news.kz. ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медициналық ұйымдарда санитарлық-карантиндік шаралар күшейтілгенін мәлімдеді.
«Бүгіннен бастап барлық медициналық ұйымдарда санитарлық-карантиндік шаралар күшейтілді. Ауруханаларда, медициналық-әлеуметтік мекемелерде, қарттар үйлерінде, интернеттарда карантин күшіне енеді. Осы карантин бойынша бұл мекемелерге тек қана сонда жұмыс істейтін азаматтар кіргізіледі, яғни бөтен адамдар аталған орындарға кіргізілмейді. Сонымен қатар сарнитарлық-дезинфекциялық режім күшейтіледі», - деді министр онлайн форматта өткен баспасөз мәслихатында.
Министрдің атап өтуінше, медициналық мекемелерде фото және бейне түсірілімге тыйым салынады.
«Барлықтарыңызды бұл төтенше жағдайда сабырлық сақтауға шақырамыз. Бұл емделетін инфекция екенін білесіздер. Осы орайда қажетті шараларды ұйымдастыру бағытында бізде барлық жағдай бар. Барлық санитарлық жұмыстар қабылданып жатыр. Тиісті сұрақтар бойынша біздің арнайы колл-орталықтағы 1406 нөмірі арқылы және ғаламтордағы сайттар әрі әлеуметтік желілерд бойынша ақпарат алуға болады», - деді Елжан Біртанов.
17 наурыз 2020 ж. 22 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области