Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ӨЗАРА ӘРІПТЕСТІК БАЙЛАНЫС НЫҒАЯ ТҮСПЕК

ӨЗАРА ӘРІПТЕСТІК БАЙЛАНЫС НЫҒАЯ ТҮСПЕК


    Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне Германиядағы Отто-фон-Герике атындағы Магдебург университетінің делегациясы арнайы іссапармен келді. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі хабарлады.
    Ресми делегация құрамында Отто-фон-Герике атындағы Магдебург университетінің кәсіптік-техникалық білім беру департаментінің халықаралық ынтымақтастық бойынша үйлестірушісі Кай Гляйсснер, Магдебургтегі WMU өндірістік және экологиялық технологиясы бойынша жылу өңдеу жүйесі бойынша компания қызметкері Анико Мертен бар. Олар алдымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мұражайымен танысты. Содан соң делегация университеттің оқытушы-профессорларымен кездесіп, өзара пікір бөлісті.
    Қорытындысында Отто-фон-Герике атындағы Магдебург университеті Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетімен бірлесіп жаңа жобаларды жүзеге асырып, әріптестік-ынтымақтастық байланысты нығайтуға ниетті екендіктерін жеткізді.

19 қаңтар 2018 ж. 624 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области