Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Коронавирус: Ауруды жасырғандар тек айыппұлмен құтылмайды

Коронавирус: Ауруды жасырғандар тек айыппұлмен құтылмайды

Kyzylorda-news.kz. Қандай да бір жұқпалы ауруды жасырғандар немес сол аурумен ауырған адамдар байланыста болған тұлғаларды жасырғандар тек айыппұлмен құтылмайды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Байкелді Байжан мәлімдеді.
«Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 304 бабына сәйкес, яғни санитарлық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу қылмыстық жауапкершілік болып табылады», – деді Байжан Есенбекұлы.
Оның айтуынша, санитарлық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді абайсызда адамдардың жаппай сырқаттануына, ауру жұқтыруына, сәулеленуіне немесе улануына әкеп соққан жағдайда – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе қызметпен айналысу құқығын 3 жылға айыру, 2 мың айлық есептік көрсеткіште айыппұл салу, 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тарту не 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу немес айыру жазасы тағайындалған.
Сондай-ақ, абайсызда адам өліміне әкеп соққан дәл сол іс-әрекетте 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу немес айырылу жазасы бар.
«Абайсызда екі немесе оданда көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекеттер – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе қызметпен айналысу құқығын 3 жылға айыру, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығын шектеу немес айыру жазасы көзделген», – деді брифингте Б. Байжан.
Қызылорда облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары атап өткендей, айналасындағылар үшін қауіп төндіретін аурулармен ауыратын адамдардың емделуден жалтарғаны үшін еліміздің Әкімшілік-құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.
Сонымен қатар, қауіп төндіретін аурулармен ауыратын кәмелетке толмаған балаларын емдетуден жалтарғандарға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынса, жұқпалы аурулармен ауыратын адамдарды жұқтыру көзін және өздерімен қатынаста болған адамдарды жасыру 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді.
17 наурыз 2020 ж. 105 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области