Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Коронавирус: Қазақстанда кімдер салықтан 1 жылға босатылды?

Коронавирус: Қазақстанда кімдер салықтан 1 жылға босатылды?

Kyzylorda-news.kz. Ірі сауда орталықтары, кинотеатрлар, театрлар мен көрмелер, спорт нысандары бір жылға дейін мүлік салығынан босатылады.
Сондай-ақ бір тоқсанға дейін өсімпұл есептелмейді. Ал 7 мыңға жуық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер жерге салынатын салықтан босатылды. Бүгінгі Үкімет отырысында осы мәселелер жан-жақты талқыланды. Шағын және орта бизнесті қолдау және еңбек нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін Үкімет 7 бағыттан тұратын дағдарысқа қарсы жедел шаралар топтамасын бекітті.
«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы мен «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларын синхрондау арқылы саланы несиелендіру 1 трлн теңгеге дейін ұлғаяды. Бұл ақша импортқа тәуелділікті азайтып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмсалады.
Қаржы алдымен отандық тауар өндірушілерге беріледі. Несие бойынша түпкілікті сыйақы мөлшерлемесі 6 процент болады. Төтенше жағдайға байланысты кәсіпкерлердің көбі жұмысын тоқтатуға мәжбүр болып отыр. Оның ішінде, туристік агенттіктер шығынға батуы мүмкін. 6000 агенттікте 80 мың адам еңбек етсе, олардың 90 проценті – әйел адам. Төтенше жағдайға байланысты. сәуірдің аяғына дейін жоспарланған саяхаттар тоқтатылды. 13 мың шетелдік турист келмейтін болды.
17 наурыз 2020 ж. 29 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области