Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Төтенше жағдай режимін бұзған және жалған ақпарат таратқан адамдар жауапқа тартылады

Төтенше жағдай режимін бұзған және жалған ақпарат таратқан адамдар жауапқа тартылады

Kyzylorda-news.kz. Төтенше жағдай кезінде аталған режимді бұзғаны және жалған ақпарат таратқаны үшін адамдар заң алдында жауап береді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында облыс прокурорының бірінші орынбасары Талғат Әлібаев мәлімдеді.
«Қоғамдық тәртіп бақылауға алынды. Стратегиялық маңызы бар обьектілерде қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Адамдар көп жиналатын орындардың қызметіне шектеулер қойылды. Ойын-сауық, спорттық және бұқаралық іс-шаралар өткізуге тиым салынды. Бұған қоса, мемлекеттік шекарадағы өткізу пункіттерінде азаматтардың кіріп-шығуына шектеулер енгізілді», – деді Талғат Айтбайұлы.
Оның айтуынша, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мынандай жағдайларға азаматтарға шаралар қолданылады:
– Төтенше жағдайдың жариялануына байланысты режимді бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476 бабымен 10 айлық есеп көрсеткіші бойынша айыппұл немесе 10 тәулікке қамаққа алынады;
– Төтенше жағдай кезінде құқықтық тәртіпті бұзуға итермелеген әрекеттері үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 478 бабымен 40 айлық есеп көрсеткіші бойынша айыппұл немесе 30 тәулікке қамаққа алу;
– Мемлекеттік заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін төндіретін, БАҚ құралдарында немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып, төтенше жағдай кезінде көренеу жалған ақпарат таратқаны үшін Қылмыстық кодекстің 274 бабымен 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығына шектеу немесе айыруға жауаптылық қаралған.
Осыған орай, облыс прокурорының бірінші орынбасары Талғат Әлібаев тек мемлекеттік органдардың ресми мәліметтеріне сүйену қажеттілігін еске салды.
«Провокациялық ақпараттарды таратқаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік көзделгенін облыс тұрғындарына ескерткіміз келеді», – деді ол.
17 наурыз 2020 ж. 77 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области