Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық полицейлер отбасылар арасында сайыс өткізді

Қызылордалық полицейлер отбасылар арасында сайыс өткізді

Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық полицейлер «Берік отбасы – есірткіден алыс!» тақырыбында отбасылар арасында сайыс ұйымдастырды.
Сайыстың негізгі мақсаты – отбасы институтының маңыздылығын алға тартып, тиісті тәлім – тәрбие беру мен есірткі мәселесін түсіндіру деңгейін кеңітіп, сайыскерлердің жеке ойын білдіру мүмкіндігін айқындау болып табылды.
Сайысқа 23 отбасы қатысып, өздерінің есірткі мәселесіне байланысты ой – пікірлерімен жазған эсселерімен бөлісті. Сайыскерлер осы бағытта ізденіп, есірткі мәселесіне кеңінен тоқталып, әлеуметтік желілер мен баспасөз басылымдарында өз туындыларын жариялады.
Құрылған сайыстық комиссия шешіміне байланысты 23 отбасының 20-сы құлшыныс танытып, сайыста алға шықты.
Атап айтар болсақ, Қармақшы ауданынан Ерімбетовтер, Көшербаевтар, Қолқанатовтар, Жақсылықовтар, Амангелдиевтер, Аймбетовтар, Басбаевтар, Сәрсенбаевтар отбасы, Жалағаш ауданынан Мырзашевтар және Амангелді отбасы, Қызылорда қаласынан Нұрғалиевтер отбасы, Сырдария ауданынан Сәбитовтар, Аманқосовтар, Омаровтар отбасы, Қазалы ауданынан – Шахан және Советовтар отбасы, Жаңақорған ауданынан Досжановтар отбасы, Арал ауданынан Наукеевтер мен Сүйіндіковтар отбасы, сондай-ақ Шиелі ауданы Молдабаевтар отбасы белсенділік танытты.
Сайыс қорытындысы бойынша І орынды қармақшылық Оразовтар отбасы иеленді. Ал ІІ орын Қызылорда қаласынан келген Гафаровтар отбасыға бұйырды. ІІІ орынды қызылордалық Серікбаевтар отбасы иеленді.
16 наурыз 2020 ж. 25 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области