Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Төтенше жағдай: Қашықтықтан жұмыс істейтіндердің еңбекақысы сол күйінде сақталуы тиіс

Төтенше жағдай: Қашықтықтан жұмыс істейтіндердің еңбекақысы сол күйінде сақталуы тиіс

Kyzylorda-news.kz. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов қашықтықтан жұмыс істейтіндердің еңбекақысы туралы пікір білдірді.
Оның айтуынша, қашықтықтан жұмыс істеу мүмкіндігі бар барлық кәсіпорындар мен мекемелер осы режимге ауысуға міндетті. Бұл Еңбек кодексінің 138-бабымен реттеледі.
«Қашықтықтан жұмысқа көшкенде, еңбекақы төлеу тәртібі өзгермейді. Бұл жерде азамат өзінің жұмыс орнында емес, үйден жұмыс атқару мүмкіндік алады. Еңбек кодексі бойынша, оған жұмыс беруші тиісті жағдай жасауға міндетті және жалақысы ай сайынғы алып жүрген көлемде төленетін болады», - деді Б. Нұрымбетов.
Еске сала кетсек, ҚР Президентінің Жарлығымен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2020 жылғы 16 наурыз 08 сағат 00 минут пен 2020 жылғы 15 сәуір 07 сағат 00 минут аралығында төтенше жағдай енгізілді.
16 наурыз 2020 ж. 22 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области