Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Кәсіпкерлер палатасы онлай жұмысқа көшті: қызылордалық кәсіпкерлер қандай нөмірлерге хабарласа алады?

Кәсіпкерлер палатасы онлай жұмысқа көшті: қызылордалық кәсіпкерлер қандай нөмірлерге хабарласа алады?

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус инфекциясының пандемиясын жариялануына орай сауалдары туындаған кәсіпкерлерге төмендегі байланыс телефондарына хабарласуға болатындығын жеткізеді:

Эл.пошта: kyzylorda@atameken.kz
Қызылорда қаласы:
тел.: 87242-400981
сот. 8-777-764 33 11
Аудандар:
Арал ауданы
тел.: 87243-379199
сот. 8-778-730 89 80
Қазалы ауданы
тел.: 87243-879243
сот. 8-701-347 36 46
Қармақшы ауданы
тел.: 87243-779120
сот. 8-777-234 51 98
Жалағаш ауданы
тел.: 87243-179199
сот. 8-705-177 62 67
Сырдария ауданы
тел.: 87243-679179
сот. 8-747-533 05 07
Шиелі ауданы
тел.: 87243-279255
сот. 8-702-277 42 59
Жаңақорған ауданы
тел.: 87243-579120
сот. 8-775-656 55 22
Байқоңыр қаласы
тел.: 8336-2223527
сот. 8-702-446 63 27

Айта кету керек, Азаматтардың денсаулығын сақтау және Қазақстанда коронавирустың таралуымен күрес жүргізу мақсатында «Атамекен» ҰКП басшылығы барлық бизнес-процестерді сақтай отырып, ұйымның жұмысын қашықтықтан жұмыс істеу режиміне мүмкіндігінше ауыстыру бойынша шешім қабылдады.
Еске салсақ, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус инфекциясының пандемиясын жариялады. Келесі күні Қазақстан Үкіметі күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режим мен оған қатысты арнайы шаралардың енгізілгені туралы хабарлады. Осыған байланысты орталық аппарат және өңірлік палаталардың барлық жұмыс процестері қашықтықтан жұмыс істеу режиміне ауыстырылады.
Ұлттық палатада жұмыс орнына қажеттілік бойынша шығатын қызметкерлерге кезекшілік режимі қарастырылған, қорғану құралдары – маскалар мен қол гигиенасына арналған құралдар беріледі.
Кәсіпкерлерге арналған қызметтердің көрсетілу тәртібі:
•Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының қызметі services.atameken.kz сайтында онлайн форматына ауыстырылады. Облыс орталықтарында кезекші қызметкерлер ғана жұмыс істеп, онлайн қызметтермен қалай пайдалану қажет екенін көрсетіп, түсіндіретін болады. Аудан орталықтарында мұндай функцияны филиалдар директорлары мен кеңесшілер атқарады;
•«Бастау», «Бизнес Мектеп» (осыған дейін «Бизнес Кеңесші», Бизнес Өсу») бағдарламалары бойынша оқуға қатысу өтінімдері email арқылы онлайн қабылданады. Мекенжайларды өңірлік палаталардан телефон арқылы немесе 1432 нөмірі арқылы анықтауға болады;
•Сертификаттау қызметтері бойынша өтінімдер – онлайн режимінде қабылданады, ал консультацияларды өңірлік кәсіпкерлер палаталарында телефон арқылы алуға болады, төтенше қажеттілік орын алған жағдайда кезекші қызметкер кәсіпкерге сол жерден кеңес береді;
• Барлық жұмыс жиналыстар онлайн режимге ауысады.
Коронавирус өршуі салдарынан кәсібі зардап шеккен кәсіпкерлер үшін Ұлттық палата базасында Отандық бизнеске жағымсыз әсерді азайту жөнінде жедел штаб жұмысын жалғастырады. Қазіргі таңда штаб кәсіпкерлердің проблемалары мен тәуекелдері туралы ақпаратты, сондай-ақ бизнеске келтірілген зардапты азайту бойынша ұсыныстарды жинау және талдаумен айналысып жатыр.
Бұдан бөлек, штаб күнделікті негізде бизнеске қатысты ағымдағы ситуация жайында ақпараттандыратын болады. Ақпаратты Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ресми сайтынан atameken.kz, әлеуметтік желілерде Facebook және Instagram, сондай-ақ штаб жетекшісінің орынбасары – Шыңғыс Темірдің парақшасынан табуға болады.
Барлық кәсіпкерлерді сілтемедегі сауалнаманы толтырып, таратуды, сондай-ақ, «Атамекен» ҰКП call-орталығына 1432 хабарласуды сұраймыз. Сонымен қатар call-орталықтан қажетті бөлімдердің нөмірлері, мекенжайлары мен электронды пошталарын нақтылауға болады.
16 наурыз 2020 ж. 23 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области