Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Коронавирус белгілері байқалса, ауруханаға баруға болмайды

Коронавирус белгілері байқалса, ауруханаға баруға болмайды

Kyzylorda-news.kz. Егер ауру симптомдары пайда болса, үйде жедел жәрдем шақыру керек.
Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова коронавирустың белгілері байқалса, ауруханаға бармауға шақырды.
«Егер сізде симптомдар болса, үйде болуыңыз керек. Сосын жедел-жәрдем шақыруыңыз керек, өздігіңізден дәрі-дәрмекпен емдеу мүмкін емес. Кореяда осындай жағдай болып, пациент емханаға барған. Осыдан кейін бұл клиника дезинфекция мен карантинге байланысты жұмысты тоқтата тұруға мәжбүр болған», - деді Сәуле Қисықова.
Оның айтуынша, денсаулық сақтау министрлігі коронавирустық инфекциямен күресте Қытай мен Оңтүстік Кореяның тәжірибесін зерттеді. Қазақстанда ауруды емдеу және диагностикалау үшін жеке медициналық нысандар анықталды.
«Ол үшін қаладан тыс бөлек аурухана қарастырылды. Диагностика кезінде пациенттер ауру белгілеріне байланысты төрт санатқа бөлінеді: жұмсақ, орташа, ауыр кезеңдер және үйдегі карантиндегі адамдар. Уақытша ауруханаларда тыныс алу мүшелері мен жүйелерін емдеуге арналған арнайы жабдықтар бар», - дейді басқарма басшысы.
15 наурыз 2020 ж. 84 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области