Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Облыс әкімінің орынбасары емдеу мекелерінің жұмысымен танысты

Облыс әкімінің орынбасары емдеу мекелерінің жұмысымен танысты

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов қаладағы бірқатар емдеу ұйымдарының жұмысымен танысты.
Облыс әкімінің орынбасары ең алдымен, көпбейінді облыстық балалар ауруханасына барды. Облыстың 286-нан аса балаларына стационарлық, стационар алмастыру және жедел травматологиялық, кеңес беру диагностикалық медициналық көмек беретін аурухана 350 төсек орынға арналған. Жылына 11-13 мыңнан аса емделіп шығатын балалар ауруханасында, өткен жылы ауылдық жерден келген науқастардың саны да 2,4 % өскен.
Аталған аурухананың бас дәрігері Зоя Кушенова аурухананың жұмыс барысын таныстырды.
«Міндетті әлеметтік медициналық сақтандырудағы басым бағыттың бірі - профилактикалық жұмыспен бірге қалпына келтіру, оңалту емі болып табылады. Көп бейінді облыстық балалар ауруханасында 18 жасқа дейінгі балаларға ерте, ІІ, ІІІ кезеңді қалпына келтіру ем шаралары жүргізіледі. Осы ем шараларды науқас балаларға толық көлемде қабылдау мүмкіндігі жасалған. Олар бөлімшелерде және физиотерапия бөлімшесінде шоғырланған. Бөлімшеде физиоемшаралары, емдік уқалау, емдік дене шынықтыру, тұз шахтасы, емдік бассейн жұмыс жасап тұр. Ауруханадағы науқастардың басым көпшілігі оның ішінде неврологиялық науқастардың 80% физиотерапия бөлімінде ем қабылдайды», - дейді бас дәрігер.
Одан әрі Наурызбай Сейтқалиұлы №3 қалалық емханаға барды. Алдымен пациенттің өзіне-өзі қызмет көрсету үшін орнатылған терминал жұмысымен танысты. Терминалда дәрігерлердің жұмыс кестесі көрсетіліп, пациент өзі қалаған дәрігердің қабылдауына жазыла алады. Сонымен қатар, дәрігердің қабылдауына алдын-ала да жазылуға, электронды кезек арқылы флюорографияға түсуге, зертханаға қан тапсыруға талон алу мүмкіндігіне ие.
Бүгінде емханаға тіркелген 63 706 адамның әлеуметтік мәртебесі анықталған. Наурызбай Байқадамов «Дамумед» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға қатысты сауалдарына да жауап алды. «Дамумед» арқылы емханаға аумағына тіркелген адам қабылдауға жазылу, дәрігерді үйге шақыру, еңбекке жарамсыздық парағын мен рецепттерді көру және ұзарту сондай-ақ зертхана нәтижелерін алу мүмкіндігіне ие. Айта кетейік, 086/у, 083/у, 035/у, 095/у, 094/у үлгідегі нысандар электронды түрде алынып, «Дамумед» арқылы QR-кодымен сәйкестігін тексере алады.
Облыстағы стоматологиялық көмек түрлерінің кеңеюі, қолжетімдігі, алдағы жоспарлары туралы танысып, осы орталық базасында орналасқан республикалық «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы» Қызылорда облыстық филиалының 1 жылдағы жеткен жұмыстарына баға берді.
Орталықтың негізгі мақсаты - кохлеарлы имплантталған балалардың естіп-сөйлеу тілін дамыту, оқыту және тәрбиелеу. Қызылорда облысы бойынша осындай 95 бала тіркеуде тұр. 1 жылда 50 бала 4 рет естіп-сөйлеуді оңалтуынан өтіп, оңтайлы нәтижелер мен жетістіктерге жеткен.
11 наурыз 2020 ж. 38 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области