Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда "оралман" сөзі ресми түрде ауыстырылды

Қазақстанда "оралман" сөзі ресми түрде ауыстырылды

Kyzylorda-news.kz. Мәжіліс депутаттары "оралман" ұғымын "қандас" сөзіне алмастыруды көздейтін заң жобасын мақұлдады. Құжат сенатқа жіберілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Мәжілісте кейбір заңнамалық актілерге көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы екінші оқылымда қаралды.
Басты жаңашылдықтың бірі – "оралман" ұғымын "қандас" сөзімен ауыстыру.
"Бір кезде ойдан шығарылып, жағымсыздау атауға айналған "оралман" сөзінің орнына алдағы уақытта қандас атауы қолданылатын болады", - деді заң жобасы бойынша баяндама жасаған депутат Кәрібай Мұсырман.
Сонымен қатар, қандастарға елде тұрақты тұруға рұқсат алу және Қазақстан азаматтығын алу үшін құжаттарды бір мезгілде тапсыру мүмкіндігі берілмек.
Депутаттың айтуынша, бұған дейін олар екі рет құжат жинап әлекке түскен.
"Сондай ақ, елімізде 183 күннен кем тұру және әкімшілік құқық бұзушылықтардың болуы бойынша заңнамалық нормалар қолданылмайтын адамдар санатына этникалық қазақтарды қосу көзделіп отыр. Бүл түзетулер қандастарымыздың Қазақстан азаматтығын алуын жеделдетуге септігін тигізеді", - деді мәжілісмен.
Оралман мәртебесін ұзарту мерзімін үш айдан алты айға дейін ұлғайтуға бағытталған түзетулер енгізілді.
Бұдан бөлек, еңбек мигранттарын маусымдық жұмысшыларға теңестіру арқылы оларды шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысқа тартуына рұқсат етіледі.
"Бұл да қоғамда көптен бері көтеріліп жүрген өзекті мәселе", - деді Мұсырман.
Сонымен қатар, депутаттар ешқандай құжаты жоқ шетелдік азаматтарды елден шығаруға мүмкіндік беретін "жол жүру" құжатын енгізуді ұсынды.
Депутаттың айтуынша, соттардың шешімімен елден шығуы тиіс жүздеген шетелдік ешқандай жарамды құжатының болмауына байланысты Қазақстан аумағынан шығарылмай, полицияның қабылдау-бөлу орындарында мемлекеттік бюджет есебінен тегін тұрып жатыр.
Мәжіліс заң жобасын мақұлдап, сенаттың қарауына жіберді.
11 наурыз 2020 ж. 82 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области