Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қ.Ысқақов: Бюджеттік түсім арқылы ауылдардағы әлеуметтік мәселе шешілуі керек

Қ.Ысқақов: Бюджеттік түсім арқылы ауылдардағы әлеуметтік мәселе шешілуі керек

Kyzylorda-news.kz. Бүгін облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовтың төрағалығымен cалық салу базасын кеңейтуге қатысты мәжіліс өтті. Күн тәртібінде салық базасын кеңейту аясында 2019 жылы атқарылған жұмыстар мен 2020 жылға қойылған міндеттер талқыланды.
Салық салу базасын кеңейту бойынша 2019 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесі және 2020 жылдың міндеттері жайлы мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ғалымжан Орынов баяндама жасады. Мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың салық төлеу кезінде жалдамалы жұмысшылар санын толық көрсетілмейтіндігі айтылды.
Мәжілісте облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов салық салу базасын ұлғайтуда көлік салығын есептеуде кемшіліктер бар екендігінде айтты.
«Облыстық полиция департаментінің мәліметі бойынша 2019 жылдың қорытындысымен аудандар аясында заңды және жеке тұлғалардан көлiк құралдарының саны – 136 443. Ал, аудандардың ақпаратына сүйенетін болсақ, оның саны 117 398 құрайды, айырмасы 19 045 бірлікті құрап отыр. Көлік құралдарына салынатын салық төлеушілердің санынан неге мұншалықты ауытқу орын алған»,- деді облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов.
Аймақ басшысы автокөліктердің салығын реттеуге қатысты қала мен барлық аудан және ауылдық округ әкімдеріне тапсырма берді. Сондай-ақ, мемлекеттік кірістер департаменті мен полиция департаменті бірлесіп, көлік құралдарына түгендеу жүргізіп, жарамсыз және жоқ көліктерді мемлекеттік тіркеуден шығару жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырды.
Мәжілісте 4-ші деңгейлі бюджет туралы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұрғали Қордабай баяндама жасады. Бүгінде 4-ші деңгейлі бюджет аясында салықтық түсімдердің 7 түрі, салықтық емес түсімдердің 4 түрі және бюджет шығындарының 19 бағыты ауыл әкімінің иелігіне берілген. Мәселен аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының жұмыс істеу, мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, ауылдық жерлерде оқушыларды жақын жердегі мектепке дейін тегін алып баруды және одан алып қайтуды ұйымдастыру, әлеуметтік көмек көрсету, жарықтандыру, абаттандыру, жұмыспен қамту, автомобиль жолдарын салу, жөндеу, сумен жабдықтау жұмыстарына қаржыны аудандық, ауылдық әкімдік бөледі.
Аймақ басшысы жыл басында аудандарды аралау кезінде ауылдағы негізгі проблеманың бірі ретінде тұрғындар автомобиль жолдарын жөндеу мәселесін жиі көтергендігін айтты.
«Жақсықылыш кентінің тұрғындарымен кездесу барысында кенттің ішкі көшелерінің жолдарын жөндеуден өткізуге облыстық бюджеттен қаржы бөлу туралы ұсыныс білдірді. Алайда, 2019 жылы ауылдық округ бюджет жоспарын 5,4 млн. теңгеге бекітіп, нақты 8,6 млн. теңгенің түсімін түсірген. Жоспардан тыс 3,2 млн. теңге түсім түссе де, кент ішіндегі жолды жөндеу мәселесі шешілмеген. Мұндай мысалдар өзге аудандардың ауылдарында да бар», деді облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов.
Осы орайда өңір басшысы Қызылорда қаласы мен барлық аудан, ауылдық округ әкімдері бюджет түсімдерін барынша дұрыс жоспарлап, ауылда жасалуға тиісті әлеуметтік бағыттар шеңберінде халықтың қажеттілігін ескеруді тапсырды.
«Салық жиналса, ауылдағы әлеуметтік мәселелер шешіледі. Барлығы да ауылдың жағдайын жақсартуға бағытталады, қалай, қайда жұмсау қажеттілігін ауылдағы қоғамдық кеңеспен ақылдаса отырып, шешуге мүмкіндік бар. Енді сол шаруаны жоғары деңгейде атқару сіздердің міндеттеріңіз. Сондықтан бұл мәселеде барлығымыз тиянақтылық танытып, аса жауапкершілікпен жұмыс жүргізуіміз қажет. Себебі оның артында халықтың өмір сүру сапасы тұр. Ал, халықтың жағдайы біз үшін қашанда басты орында», - деді облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов.
11 наурыз 2020 ж. 84 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области