Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Белгісіз біреулер Ақмешіт үңгірін тонап, өртеп кеткен

Белгісіз біреулер Ақмешіт үңгірін тонап, өртеп кеткен

Kyzylorda-news.kz. Түркістан облысының полицейлері Ақмешіт үңгірінде болған төтенше жағдайды зерттеп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Басылымның мәліметінше, 5 наурызда сағат 9.00-де жергілікті тұрғындардың бірі Ақмешіт үңгірінде тапшандар мен үстелдердің өртенгенін көріп, полицияға хабар берген.
Сондай-ақ, ер адам белгісіз біреулердің үңгірден қазандарды, самаурынды және басқа заттарды ұрлап кеткенін хабарлаған. Келтірілген шығын 300 мың теңгеден асады. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Полицейлер оқиғаның мән-жайы анықтап, күдіктілерді іздестіріп жатыр.
Ақмешіт үңгірі Түркістан облысы Бәйдібек ауданында орналасқан. Жыл сайын мұнда 70 мыңнан аса турист келеді.
10 наурыз 2020 ж. 25 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области