Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Министр теңгенің құнсыздануына қатысты пікір білдірді

Министр теңгенің құнсыздануына қатысты пікір білдірді

Kyzylorda-news.kz. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов теңгенің құнсыздануына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте журналистер министрге «егер елімізде тағы девальвация болса, Қазақстан экономикасы оған төтеп бере ала ма?» деген сауал жолдады.
«Біз еркін айналымдағы ақша бағамы туралы айтып тұрмыз. Бұған қатысты Канада, Норвегия, Ресейде өзгерістер болды. Барлық ел өз ақша бағамын ретке келтіріп жатыр. Мұны нарық реттейді. Бұл өзгерістерден Қазақстан да тыс қалған жоқ. Ақша бағама нарыққа әсерін тигізді», - деді ол.
Сондай-ақ БАҚ өкілдері Руслан Дәленовтан «қазақстандықтар келесі девальвацияға дайын болсын ба?» деп сұрақ қойды.
«Техникалық жағынан себеп болса, онда девальвация болады. Елімізде ондай себеп жоқ. Ақша еркін айналымда. Сондықтан себептің болмауына байланысты ондай өзгеріске негіз жоқ», - деді министр.
Айта кетейік, 9 наурызда мұнай бағасы құлдырағаннан кейін Қазақстанда доллар бағасы күрт қымбаттады. Кеше ұлттық банктің ресми бағамы бір доллар үшін 382.05 теңге болды. Бірақ ақша айырбастау пунктерінде доллар 400 теңгеге сатылды.
10 наурыз 2020 ж. 73 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области